Украинада тұратын 11 қазақстандық Варшавадағы учаскеде дауыс береді

сайлау Сурет: Zakon.kz
Украинада тұратын және жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының сайлаушылар тізімінде 11 адам бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жалғас Әділбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елші Украинадағы жағдайға байланысты осы елде тұратын және жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары Польша астанасы Варшавада дауыс бере алатынын түсіндірді.

"Қазақстанның Польшадағы елшілігінде сайлау учаскесі құрылды. Украинада қазір сайлаушылар тізімінде Қазақстанның 11 азаматы бар".Жалғас Әділбаев

Оның айтуынша, жалпы шетелдегі барлық сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімінде 12 527 адам бар. Қазақстанның 50 елдегі дипломатиялық өкілдіктерінде 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

14 қарашада Қазақстанның Украинада сайлау учаскесін ашпайтыны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз