Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда "ағзасын ауыстыруға барған" қазақстандық әйел ұсталды

Сыртқы істер министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2022 17:09 Сурет: Сыртқы істер министрлігі
Түркияда Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық дипломаттарға түскен ақпаратқа сәйкес, әйел Түркияға орган трансплантациясы үшін барғанын айтқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, оған жалған құжат жасады деген айып тағылып отыр. Ол донор ретінде туысын көрсеткен, бірақ ол туысы мүлдем басқа елдің азаматы болып шықты. Сондықтан ол қазір қамауда отыр. Тергеу әлі жалғасып жатыр.Айбек Смадияров

Оның айтуынша, Қазақстан консулдығы істі ерекше бақылауда ұстап отыр. Қазақстандық әйелге адвокат табылған, Сыртқы істер министрлігі оның туыстарымен байланыста.

Қазір біз әйелді денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу кепілімен ауыстыруды сұрап жатырмыз.Айбек Смадияров

Бұған дейін алматылық Баян Қалқұлова Facebook парақшасында Қазақстандағы тіс дәрігерлерінің мемлекет басшысына үндеуін жариялаған еді. Мәтіннен белгілі болғандай, Лариса Ожерелеваны күйеуімен бірге Стамбул полициясы органдарды заңсыз сатты деген айыппен ұстаған.

Лариса бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен бірінші топтағы мүгедек, алты жылдан бері гемодиализде. Түркияға сапардың мақсаты медициналық туризм болды, дәлірек айтсақ, органдарды трансплантациялау мүмкіндігі туралы ақпарат алу мақсатында тексеру... Тексеру үшін «LIV Hospital» клиникасы таңдалды. 2022 жылдың 20 қыркүйегінде ол медициналық тексеруден өте бастады, - делінген үндеуде.

Анықталғандай, 23 қыркүйекте құжаттарды тексергеннен кейін Лариса мен оның күйеуін жергілікті құқық қорғау органдары қамауға алды. Ал 24 қыркүйекте оларға органдарды сатып алды, сонымен қатар құжаттарды қолдан жасады деген айып тағылды. Сол күні құқық қорғау органдары бұлтартпау шарасын таңдады: Ларисаға – мән-жайлар анықталғанға дейін алты айға дейін қамауға алу; күйеуіне - кетпеу туралы жазбаша міндеттеме.

Қазақстанның тіс дәрігерлерінің айтуынша, Лариса Ожерелева денсаулығына байланысты оның қиын және үмітсіз жағдайында алаяқтардың құрбаны болған. Олар Қазақстан президентінен қазіргі жағдаймен танысып, Лариса Ожерелева мен оның отбасына жан-жақты көмек көрсетуді сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: