Жол апатынан зардап шеккен Қазақстанның төрт азаматы Түркияда емделіп жатыр
Сурет: pixabay
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 7 тамызда өткен брифингте Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қазір төрт қазақстандық Аланияда емделіп жатыр.
"Өткен аптада жол апатына ұшыраған Қазақстанның төрт азаматы Алания емханаларында ем алып жатыр. Өкінішке қарай, екі азамат ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды. Барлық медицина қызметі мен мәйіттерді елге қайтару шығынын сақтандыру компаниясы көтерді. Бұл туристер демалысына үлкен жауапкершілікпен қарап, сақтандыру полистерін жасаған екен. Бұған кейбір азаматтарымыз аса мән бермейді".Айбек Смадияров
30 шілдеде Аланияда 12 Қазақстан азаматы мінген шағын автобус апатқа ұшырады. Экскурсиялық фургонның жүргізушісі мен экскурсовод оқиға орнында көз жұмды. Ауруханаға Қазақстанның 11 азаматы түсті, олардың біреуі (Маңғыстау қаласының 49 жастағы тұрғыны) қайтыс болды. Кейін Қазақстанның тағы бір азаматы Алания мемлекеттік ауруханасында қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript