Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау аяқталды

Сайлау, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 23:23 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеді, олардың кейбірі таңғы 6-да ашылды. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайлау учаскесі жабылғаннан кейін жәшіктерді ашу және дауыстарды санау барысын қадағалау үшін бақылаушылардан құрылған комиссия қалуы мүмкін.

Содан кейін сайлау комиссиясының мүшелері мөрді кесіп алып, жәшіктерді ашады.

Ең алдымен үйде дауыс берген азаматтардың бюллетеньдері салынған көшпелі жәшіктер ашылады. Сонан соң бақылаушылардың қатысуымен стационарлық жәшік ашылып, жалпы бюллетеньдерді санау процесі басталады.

Дауыстарды санағаннан кейін хаттама мен сайлау учаскесін жабу туралы акт толтырылады, пайдаланылмаған бюллетеньде жойылады, содан кейін хаттама Алмалы округінің аумақтық сайлау комиссиясына беріледі. №54 мектеп директоры және №114 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Құралай Ошанова

Оның айтуынша, сайлау учаскесі жабылған сәттен бастап дауыстарды санауға 12 сағат беріледі. Жалпы алғанда, бұл процесс 3-4 сағаттан астам уақытты алады.

Жалпы, учаске талапқа сай әзірленді, халық сайлауға жақсы келді.

Сайлау учаскесінде дауыс беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тыныш, ашық өтті.

Сайлау, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 23:23

Сурет: Zakon.kz

Сайлау учаскесінде барлығы 9 комиссия мүшесі, сондай-ақ "Аманат", "Ел ертеңі", "Жастар үні", "Қоғамдық пікір", "Еркіндік қанаты" қоғамдық бірлестіктерінен 6 бақылаушы болды.

Сөзін қорытындылай келе, комиссия хатшысы сайлау учаскесінде дауыс беру сайлау заңнамасының нормаларына сай өткенін атап өтті.

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтті. ОСК мәліметінше, сайлаушылар тізімінде 11 950 485 Қазақстан азаматы бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: