Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында екі ауылдық округта сайлау өтіп жатыр

Қызылорда облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2021 19:11 Қызылорда облысы әкімдігі
Дауыс беру таңғы 07:00-де басталып, кешкі 20:00-де аяқталады.

Бүгін, 1 тамызда Қызылорда облысында екі округтың: Арал ауданындағы Аққұм ауылдық округі мен Шиелі ауданындағы Талаптан ауылдық округі учаскелік комиссия мүшелері келген БАҚ өкілдерінің, байқаушылардың, сенім білдірген адамдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен сайлау туралы заңның талаптарына сай, барлық процедураларды орындай отырып сайлау учаскелерін ресми түрде ашты, деп хабарлайды zakon.kz.

Дауыс беру таңғы 07:00-де басталып, кешкі 20:00-де аяқталады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2021 19:11

Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз – шағымдар түскен жоқ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2021 19:11

Жалпы 2 сайлау округінде 3527 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2021 19:11

Барлық учаскелерде азаматтарға тиісті жағдайлар жасалған. Пандемия жағдайында сайлау учаскелерінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау үшін тиісті шаралар қабылданған. Сайлауға қатысатын 16 сайлау комиссияларының мүшелері бетперделермен, арнайы қолғаптармен, антисептиктермен жеткілікті түрде қамтылған. Дауыс беруге келетін сайлаушылар мен басқа да азаматтарға антисептиктер, термометрлер орнатылған. Келген сайлаушыларға бетперделер дайындалған. Барлық сайлау учаскелері дәрігер мамандармен қамтылған, - дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2021 19:11

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының ғаламтор беттерінде жергілікті уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 21.00 -де ұсынылатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: