"Қоғамдық саясат институты" жүргізген exit poll нәтижесі жарияланды
Сауалнама бүкіл ел аумағындағы 600-ден астам сайлау учаскелерінде жүргізілді.
Amanat партиясының "Қоғамдық саясат институты" жүргізген exit poll нәтижесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 85,52% дауыс жинады.
"Кәсіби әлеуметтік жұмысшылардың ұлттық альянсы" қоғамдық бірлестігінің кандидаты Қарақат Әбден - 2,61% дауыс.
ЖСДП партиясының кандидаты Нұрлан Әуесбаев - 1,93% дауыс.
"Ауыл" партиясының кандидаты Жигули Дайрабаев - 2,67% дауыс.
"Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық кәсіподақтар бірлестігінің кандидаты Мейрам Қажыкен - 2,43% дауыс.
"Қазақ аналары — дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің кандидаты Салтанат Тұрсынбекова - 1,44% дауыс.
Сайлаушылардың 3,40% - ы "барлығына қарсымын" деген бағанды таңдаған.
Айта кетсек, президенттік сайлауда exit poll тәсілімен Amanat партиясының "Қоғамдық саясат институты", "СОЦИС-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты және "Ашық қоғам" халықаралық өңірлік зерттеулер институты сауалнама жүргізді.