"Ашық қоғам" институтының еxit poll нәтижесі: Тоқаев 82,45% дауыс жинады

Тоқаев 82,45% дауыс жинады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2022 00:19 Сурет: Telegram/Toqaev2022
Телемарафонда "Ашық қоғам" институты жүргізген exit-poll қорытындысы жарияланды. Ондағы мәліметке сүйенсек, президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сонымен, Қасым-Жомарт Тоқаев 82,45% дауыс жинады.

"Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" ұсынған кандидат Қарақат Әбден – 2,54% дауыс.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынған кандидат Нұрлан Әуесбаев – 2,17% дауыс.

"Ауыл" партиясынан түскен кандидат Жигули Дайрабаев – 3,33% дауыс.

"Аманат" кәсіподақтар бірлестігінен ұсынылған Мейрам Қажыкен – 2,23% дауыс.

"Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған кандидат Салтанат Тұрсынбекова – 2,08% дауыс

"Бәріне қарсымын" деген бағанды ​​сайлаушылардың 5,2 пайызы таңдаған.

20 қарашада Қазақстанда президент сайлауы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 22:00-де сайлаушылардың 69,43 пайызы дауыс берген.

Президент сайлауында  Amanat партиясының "Қоғамдық саясат институты", "Социс-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты және "Ашық қоғам" аймақтық зерттеулер халықаралық институты exit poll жүргізген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: