Жаңалықтар тізбегі
0

Алдын ала қорытындыға сәйкес, елімізде сайлаушылардың 69,43%-ы дауыс берді – ОСК

Сайлау, Орталық сайлау комиссиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 22:24 Сурет: Zakon.kz
Бүкіл ел бойынша дауыс беру аяқталғаннан кейін Қазақстандағы президент сайлауында Орталық сайлау комиссиясының сағат 22.00-дегі мәліметі бойынша, сайлаушылардың 69,43 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясының брифингінде Астана уақытымен сағат 22.00-дегі сайлаушылардың алдын ала қатысуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров мәлімдеді.

"Сағат 22.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 8 299 501 азаматы дауыс беру бюллетендерін алды, бұл дауыс беру тізімдеріне енгізілген жалпы санның 69,43 пайызына тең болды". Константин Петров

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының мәліметі бойынша, 22.00-ге дейін өңірлер бойынша дауыс бергендер:

Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:

  • Абай облысы бойынша – 80,18 %

  • Ақмола облысы бойынша – 78,87 %

  • Ақтөбе облысы бойынша – 72,81 %

  • Алматы облысы бойынша – 72,10 %

  • Атырау облысы бойынша – 70,87 %

  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,67 %

  • Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %

  • Жетісу облысы бойынша – 81,42 %

  • Қарағанды облысы бойынша – 78,39 %

  • Қостанай облысы бойынша – 79,28 %

  • Қызылорда облысы бойынша – 81,07 %

  • Маңғыстау облысы бойынша – 66,99%

  • Павлодар облысы бойынша – 77,58%

  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,01%

  • Түркістан облысы бойынша – 80,37%

  • Ұлытау облысы бойынша 75,48 %

  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %

  • Астана қаласы бойынша – 48,60%

  • Алматы қаласы бойынша – 28,72%

  • Шымкент қаласы бойынша – 59,79%

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: