Жаңалықтар тізбегі
0

Президенттік сайлауда сайлаушылардың 69 пайыздан астамы дауыс берді

Сайлау учаскесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 20:27 Сурет: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының сағат 20-00-дегі тіркелген деректеріне сәйкес, республикамыз бойынша сайлаушылардың 69,31 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 20-00-дегі сайлаушылардың дауыс беруге келуі бойынша алдын ала мәліметтерді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Ерман жариялады.

Жалпы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республикамыздың 8 282 607 азаматы бюллетень алды. Бұл дегеніңіз тізімге енгізілген азаматтардың 69,31 пайызы. ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Ерман

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған дерекке сәйкес, астана уақытымен сағат 20.00-де өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

Абай облысы бойынша – 80,18,

Ақмола облысы бойынша – 78,87,

Ақтөбе облысы бойынша – 72,20,

Алматы облысы бойынша – 72,10,

Атырау облысы бойынша – 70,87,

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,77,

Жамбыл облысы бойынша – 79,57,

Жетісу облысы бойынша – 81,43,

Қарағанды облысы бойынша – 78,39,

Қостанай облысы бойынша – 79,28,

Қызылорда облысы бойынша – 80,31,

Маңғыстау облысы бойынша – 66,18,

Павлодар облысы бойынша – 77,58,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 78,24,

Түркістан облысы бойынша – 80,37,

Ұлытау облысы бойынша – 75,48,

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49,

Астана қаласы бойынша – 48,67,

Алматы қаласы бойынша – 28,72,

Шымкент қаласы бойынша – 59,79 пайыз.

Санақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 20:27

Сурет: ҚР ОСК

Сағат 20-00 уақытында еліміздің басым бөлігіндегі сайлау учаскелерінде дауыс беру тоқтатылды.

2022 жылы 20 қарашада Қазақстанда президенттің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. ҚР ОСК деректері бойынша сайлаушылар тізіміне 11 950 485 Қазақстан азаматы тіркелген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: