Жаңалықтар тізбегі
0

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 67,85 пайызы дауыс берді

Сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 18:19 Сурет: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының сағат 18-00-дегі тіркелген деректеріне сәйкес, республикамыз бойынша сайлаушылардың 67,85 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 18-00-дегі сайлаушылардың дауыс беруге келуі бойынша алдын ала мәліметтерді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов жария етті.

Жалпы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республикамыздың 8 108 168 азаматы бюллетень алды. Бұл дегеніңіз тізімге енгізілген азаматтардың 67,85 пайызы. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған дерекке сәйкес, астана уақытымен сағат 18.00-де өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

  • Абай облысы бойынша – 78,88,

  • Ақмола облысы бойынша – 75,82,

  • Ақтөбе облысы бойынша – 71,23,

  • Алматы облысы бойынша – 70,92,

  • Атырау облысы бойынша – 67,88,

  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77,

  • Жамбыл облысы бойынша – 77,27,

  • Жетісу облысы бойынша – 77,8,

  • Қарағанды облысы бойынша – 77,80,

  • Қостанай облысы бойынша – 77,56,

  • Қызылорда облысы бойынша – 77,20,

  • Маңғыстау облысы бойынша – 64,57,

  • Павлодар облысы бойынша – 77,12,

  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46,

  • Түркістан облысы бойынша – 80,25,

  • Ұлытау облысы бойынша – 74,45,

  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81,

  • Астана қаласы бойынша – 48,01,

  • Алматы қаласы бойынша – 27,93,

  • Шымкент қаласы бойынша – 59,56 пайыз.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 67 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі бір учаске әлі ашылған жоқ. Шавкат Өтемісовтің дерегінше, қазіргі уақытта сайлау 10 100 учаскеде өтуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: