Смайылов үкіметтің алдағы жеті жылдағы негізгі міндетін атады

үкімет отырысы, смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2022 10:37 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрінің айтуынша, барлық мемлекеттік орган мен ведомство бір мақсат үшін, яғни әділ Қазақстан құру жолында халықтың мүддесіне сай күш біріктіріп, жұмыла еңбек етуге тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов елімізде өткен президент сайлауы аясында үкімет жұмысының алдағы жылдарға белгіленген негізгі бағыттарды атап өтті,

"Үкіметтің алдағы жеті жылдағы негізгі міндеті – сайланған Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы әрі нәтижелі іс жүзіне асыру. Экономикада, әлеуметтік салада және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер осы сайлауалды бағдарламаның негізі болып табылады", — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар ол үкіметтің жұмысы нақты қай салаға бағытталатынын атады.

"Үкіметтің жұмысы негізінен экономиканы демонополизациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және азаматтардың табысын арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға бағытталады", — деді премьер-министр.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: