Жаңалықтар тізбегі
0

Руслан Желдібай Президенттің кәсіпкерлермен кездесуінің негізгі мақсатын атады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2022 22:05 Сурет: akorda.kz
Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі кәсіпкерлер қауымымен кездесуінің негізгі мақсаты – ірі бизнес өкілдеріне халықтың алдындағы әлеуметтік жауапкершілік туралы тағы бір ескерту екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін Президент еліміздің ірі кәсіпкерлерімен кездесті. Жиын барысында Мемлекет басшысы алдағы уақытта бизнестің жұмысын жеңілдетуге бағытталған іс-шаралар туралы айтты. Олар шағын, орта және ірі бизнесті де қамтиды. Сондай-ақ нарықтағы негізгі ұстанымдарды еске салды. Мемлекеттің бизнес ісіне араласуы келмеске кетеді. Монополияға жол берілмейді. Ешбір кәсіпкерге басымдық берілмейді. Үкіметтегі, басқа жердегі жеке байланыстар көмектеспейді. Әділетті Қазақстанда тек адал бизнеске жағдай жасалады. Жалпы, бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – ірі бизнес өкілдеріне халықтың алдындағы әлеуметтік жауапкершілік туралы тағы бір ескерту. Яғни, бизнес-қоғамдастық елге қажет мектептер, балабақшалар, іргелі университеттер салуда, туризмді дамытуда белсенді түрде өз үлестерін қосуы тиіс, делінген жазбада.

Айта кетсек, бүгін - 9 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада еліміздің бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: