Жаңалықтар тізбегі
0

Ажар Ғиният: Ауыл тұрғындары тыныс алу жолдары ауруына көбірек шалдығады

медицина, дәрігер, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2022 11:04 Сурет: pixabay
ҚР үкіметінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауыл тұрғындарының денсаулығына талдау жасап, ауылдық жерлерде медициналық көмек көрсетуді арттыру үшін ведомствоның қандай шаралар қабылдап жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ауылда 8 миллионға жуық адам тұрады. Бұл ел халқының 41%-ына тең. 5 мыңнан астам медициналық ұйым ауыл тұрғындарына медициналық көмек береді.

"Ауыл тұрғындарының денсаулығын талдау ауыл тұрғындары арасында бірінші орында тыныс алу жүйесі аурулары 42,7%, ас қорыту жүйесінің аурулары 9% екенін көрсетеді".Ажар Ғиният

Жалпы министр атап өткендей, медициналық-демографиялық жағдай тұрақты. Ресми статистика бойынша денсаулық көрсеткіштері жақсарып, жалпы өлім-жітім 21,3% төмендеген.

Сонымен қатар Ғиният коронавирус пандемиясы жылдарында шектеу шараларына байланысты ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі төмендегенін қосты. Ауруларды ерте анықтау және дер кезінде емдеу үшін ауқымды профилактикалық тексерулер енгізіліп жатыр. Гендерлік және жастық құрамды ескере отырып, халықтың, нысаналы топтың денсаулығын талдау және ауыл тұрғындарына көрсетілетін қызметтердің тізбесі кеңейтілді ("Балалар" Туғаннан 18 жасқа дейінгілер; "Жастар" 18-ден 29-ға дейін; "Еңбек-1" 30 жастан 44 жасқа дейін; "Еңбек -2" 45 жастан 65 жасқа дейін; "Зейнеткер" - 66 жастан жоғары). Биыл 20 қазаннан бастап республика бойынша ауылдарда профилактикалық тексерулер жүргізіліп жатыр.

"Профилактикалық тексерулер жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының, қант диабетінің, асқазан мен бүйректің созылмалы ауруларының бастапқы сатысын анықтауға бағытталған".Ажар Ғиният

Сонымен қатар 18 жастан 70 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы адамдарға асқазан-ішек жолдары, зәр шығару жүйесі, 50 жастан асқан адамдар үшін респираторлық аурулар мен қуық асты безінің обырын ерте анықтау қызметтері кеңейтілді.

18 жасқа дейінгі балалар үшін 1, 3, 6 және 14 жаста қосымша жалпы клиникалық зертханалық зерттеулер енгізіледі.

Қалалық және ауылдық науқастарды амбулаторлық деңгейде бірдей тегін қамтамасыз ету үшін жағдай жасалды: дәрілер АЛО бірыңғай тізімі бойынша қамтамасыз етіледі; ауылдық жерлерде дәрігер болмаған жағдайда фельдшер тегін рецепт жазып беруге құқылы; Дәріхана жоқ ауылдық елді мекендерде дәрі-дәрмекті медициналық қызметкер МСАК мекемелері арқылы, сонымен қатар жылжымалы дәріханалар арқылы тегін береді.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, биыл ел тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған заңнамалық нормалар қабылданған.

Амбулаторлық-емханалық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірмейтін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруға қатысты мұнда салалық заңнамаға ауылдық медициналық ұйымдарда дәріхана пункттерін құру нормасы енгізілді. Биыл шілде айынан бастап 230 елді мекенде 75 мемлекеттік дәріхана және 161 жеке дәріхана ашылды.

"Ауылдық денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ауылдық денсаулық сақтау нысандарының 86,1%-ы интернетке қосылған, жұмыс орындарының 91,1%-ы компьютермен жабдықталған, медициналық ұйымдардың 81%-ы ауруханалық ақпараттық жүйені енгізген".Ажар Ғиният

Денсаулық сақтау министрлігі "Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында медициналық қызметтерді одан әрі қашықтағы форматқа көшіруді жоспарлап отыр.

Министрдің айтуынша, бұл медицина қызметкерлерінің бір-бірімен, жеке тұлғалармен қашықтан өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін, сонымен қатар олардың іс-әрекетін құжаттайтын цифрлық технологиялар арқылы медицина қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: