Жаңалықтар тізбегі
0

Көрегендік, ұтқырлық және тұрақтылық - корпоративтік хатшылар қызметі қалай жұмыс істейді

Сұқбат, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 21:10 Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
Елордада "Бәйтерек" ҰБХ және АХҚО-ның ұйымдастыруымен корпоративтік хатшылар форумы өтіп жатыр. Форумды өткізу және ондағы басты талқы тақырыптары жайына "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінің басшысы Ардақ Жұмағалиев Zakon.kz-ға берген сұқбатында кеңінен тоқталды. 

Астанада корпоративтік хатшылар форумы өтіп жатыр. Осы кездесуге тоқтала кетсеңіз, биылғы форумның ерекшелігі неде?

"Бәйтерек" холдингі "Астана" халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) тығыз әріптестік аясында корпоративтік хатшылар форумын осымен екінші жыл қатарынан өткізіп отыр. Пандемия, логистикалық жеткізу тізбектерінің бұзылуы, жалпы геосаяси шиеленіс тәуекелдерді басқарудың көреген тәсілін қамтамасыз ету қажеттігін көрсетті. Осыған байланысты "Disruptive risks and resilience", яғни деструктивті тәуекелдер мен тұрақтылық тақырыбы арнайы таңдалып алынды.

Біздің форум сияқты алаңдар - бұл тәжірибе мен біліммен алмасуда, сондай-ақ компаниялардың тұрақты дамуын және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында қабылданатын шешімдер ізденісінде тамаша мүмкіндік.

Шын мәнінде, корпоративтік хатшылар форумы – бұл ұтымды шешімдерді, киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар мәселелерін талқылауға, қаржылық шығындарға ұшыратуы және компаниялардың акционерлік құнына айтарлықтай әсер етуі ықтимал сыртқы факторларға байланысты тәуекелдерді басқаруға арналған алаң.

Форумда қандай елдердің тәжірибесі ұсынылады?

Егер делегаттар жағына келетін болсақ, форумға қатысушылардың көпшілігі Астана және Алматы қалаларынан болып табылады. Келесі жылы біз еліміздің басқа аймақтарынан мүмкіндігінше көп адамды тартуға тырысамыз. Форумға спикерлер мен сарапшылар ретінде Ұлыбритания, Сингапур, Бельгия, Үндістан және басқа да бірқатар шет елдің корпоративтік басқару және тұрақты даму саласында мол тәжірибесі бар мамандар қатысады.

Корпоративтік хатшылар институты қазіргі жағдайда қандай маңызға ие?

Ашықтық пен жариялылық корпоративтік басқарудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан корпоративтік хатшы компанияның корпоративтік саясатын сақтауды қамтамасыз етуде және акционерлер, директорлар кеңесі мен менеджмент арасындағы тиімді өзара іс-қимылды құруда, компания туралы ақпаратты жариялау және ұсынуда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, корпоративтік хатшының ерекшелігі - мықты коммуникация мен келіссөздер дағдыларына, жауапкершілікті ала білу қабілетіне, сондай-ақ, сөзсіз, көшбасшылық қасиеттерге ие болуы.

 "Бәйтерек" холдингі не ұсынады, форумда қандай тәжірибемен бөліседі?

Форумда холдингтің ұзақмерзімді кезеңдегі орнықты даму үшін экономикалық, экологиялық және әлеуметтік (ESG) мақсаттарының дәйектілігін қамтамасыз ететін қағидаттар мен бастамаларды енгізу жөніндегі жұмысы туралы ақпарат ұсынылған. Жобалық портфельді қалыптастыру кезінде холдинг БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келетін және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер ететін жобаларға артықшылық беретінін атап өту маңызды.

"Бәйтерек" ҰБХ қаржы институты ретінде жауапты қаржыландыруға ерекше көңіл бөледі. Яғни, холдинг "жасыл" жобаларды қолдау құралдарын ұсынады, аталған типтегі қаржыландыру құралдарын – "жасыл" және әлеуметтік облигацияларды айналымға шығарады. Болашақта холдинг баламалы энергия көздерін дамыту үшін қолдау құралдарын ұсынуға ниетті.

Холдинг әзірлеген экологиялық және әлеуметтік саясат инвестициялық қызметтегі ESG-қағидаттарын мониторингілеу тәсілдерін айқындайды. Бұл саясат холдингтің еншілес ұйымдары қаржыландыратын жобаларды іске асырудан бастап әлеуетті экологиялық және әлеуметтік оң тиімділікті арттыруға бағытталған.

Корпоративтік хатшы қызметімен байланысты холдингтің тәжірибесімен де бөлісе отырсаңыз...

Біріншіден, біз форумда холдингтің компаниялар тобындағы бизнес-процестерді бюрократиядан ада ету бойынша жұмыс нәтижелерімен бөлісеміз, атап айтқанда, біздің компаниялардың қызметін цифрландыру жайынан толық мағлұмат береміз.

Мәселен, біздің "Отбасы банк" еншілес ұйымымызда жеке тұлғалар үшін толыққанды цифрлық банктер құрылды.

Қазақстандық тұрғын үй компаниясында "Тұрғын үй порталы" іске қосылды, ол арада қазақстандықтар тиісті рұқсаты немесе кепілдігі бар үлестік құрылысқа қатысты барлық нысандар туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар,"Тұрғын үй порталы" үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз тартқан заң бұзушы-құрылыс салушылар туралы деректерді де жариялайды.

Қазақстанның Даму банкінде ірі бизнесті несиелендіруге өтінімдер беру, стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл және кепілдіктер ұсыну процестері толығымен автоматтандырылған.

Аграрлық несие корпорациясында микрокредиттер бойынша келіп түскен онлайн өтінімдерді қараудың автоматтандырылған жүйесі әзірленді. Мұндай тәсіл өтінімдерді қараудың ашықтығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Корпоративтік хатшы қызметінің тікелей жұмысына келетін болсақ, біздің қызметіміздің бизнес-процестеріне ауқымды цифрландыру жүргізілгенін атап өтуге болады. Холдинг ішіндегі процестердің 90% цифрландырылған. Холдингтің өзінде, атап айтқанда, HR, құжат айналымы, қаржы блогы, әкімшілік-шаруашылық қызмет процестері толығымен цифрландырылған. 

Біздің корпоративтік хатшы қызметі де қызметкерлері өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісетін, сондай-ақ корпоративтік хатшы мамандығын және компанияда тиісті корпоративтік басқару принциптерін енгізудің маңыздылығын насихаттауда жас мамандарды оқыту және ортаға бейімдеу тәжірибесін енгізді.

Нәтижесінде біздің интерндер кейіннен белгілі ірі компанияларға жұмысқа алынып жатады. Сонымен қатар, кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында корпоративтік хатшы қызметінің қызметкерлері тұрақты негізде біліктілікті арттыру, тренингтер және басқа да форматтағы оқу курстарынан өтеді.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: