Тауда шаңғы тебу маусымының ашылуына байланысты автобустар желіге көптеп шығарылады

Тау шаңғы курортында қысқы маусымның ашылуына байланысты 26 қарашадан бастап № 12 туристік бағыттағы автобус күшейтілген режимдегі жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді бұл бағытқа 20 автобус – демалыс күндері және 16 автобус – жұмыс күндері 10 минуттық аралықпен қатынайтын болады, деп хабарлайды Алматы қалалық мобильділік басқармасының баспасөз қызметі.
Автобус өз жұмысын "Алматы-2" теміржол вокзалынан бастап, Абылай хан мен Абай даңғылына көтеріліп, тау басындағы "Медеу" мұз айдынына тартады.
"Медеуден" соңғы автобус сағат 00.30-да шығады.
Бөлісу
0
Толық оқу