Бүгін шаңғы жарысынан бақ сынаған отандық үш спортшыға да медаль бұйырмады

Олимпиада-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2022 11:10 Сурет: olympic.kz
Қысқы олимпиада ойындарының соңғы күнінде үш қазақстандық спортшы әйелдер арасында 30 шақырым еркін стильдегі марафондық шаңғы жарысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz

Бейжің олимпиадасының шаңғы бағдарламасы әйелдер арасындағы марафонмен аяқталды, бұл жарыста норвегиялық Тереза Йохауг 1:24:54 нәтижесімен үздік көрсеткіш көрсетті.

Ол америкалық Джессика Диггинсті басып озып, мәреге 10 минут бұрын жетті, ал қола медаль фин спортшысы Кертт Нисканенге бұйырды.

Қазақстандық шаңғышылардың ішіндегі ең үздігі Ангелина Шурыга болды, ол мәре сызығын 42-ші болып кесті, кешігіп келген уақыты +11:37. Надежда Степашкина – 49 (+14:44) және Ирина Быкова-54 (+17:48).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: