Тоқаев ауылдық аумақтарды дамытудың тұжырымдамасы туралы Жарлыққа қол қойды

26 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2023 жылғы 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдауды қамтамасыз етсін;
осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын, делінген Президент Жарлығында.
Сондай-ақ Жарлықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
0
Толық оқу