Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде ауылдық аумақтарды дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді

Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2023 15:16 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұжырымдаманың мақсаты – ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашу, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды және олар көрсететін қызметтердің сапасын, ауылдағы өмірдің экологиялық қауіпсіздігін жақсарту арқылы ауыл халқының өмір сүру сапасын және олардың әл-ауқатын арттыру үшін жағдайлар жасау.

Тұжырымдаманың мақсатына жету және жоғарыда аталған қағидаттарын іске асыру үшін мынадай тәсілдер көзделген:

  1. Ауылдық аумақтарды дамытуды институционалдық қамтамасыз ету (атқарушы билік деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тарту, Ауылдық аумақтарды қаржыландыру тетігін жетілдіру ((фискалдық орталықсыздандыру).
  2. Әлеуметтік және инженерлік-техникалық инфрақұрылымды қарқынды дамыту есебінен базалық қызметтер көрсетудегі диспропорцияларды қысқарту. Осы тәсілге сәйкес тұрғын үй-коммуналдық саланы, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің жұмыс істеуін, қазіргі заманғы байланыс құралдарының (Интернет желісіне КЖД, Мобильді, Ұялы байланыс, цифрлық теледидар және т. б.) қызметтерінің қолжетімділігін қамтитын «адамдар инфрақұрылымға» моделін іске асыру жалғастырылатын болады.
  3. Агроөнеркәсіптік өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті, шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды ынталандыру арқылы ауыл халқының табыс деңгейін арттыру.

Ұлттық статистика бюросының  деректеріне сәйкес 2022 жылдың басында республикада 6 293 ауылдық елді мекен бар, онда ел халқының 38,5% - ы немесе 7,5 млн адам тұрады. Ауыл тұрғындарының жас құрылымы қалалық тұрғындармен салыстырғанда жас болып келеді. 2022 жылдың басында ауылдарда тұратын 65 жастан асқан халықтың үлес салмағы – 7,5%, ал қалаларда – 8,6%.

Ауыл тұрғындары үшін еңбекті қолданудың негізгі саласы бұрынғысынша ауыл, орман және балық шаруашылығы болып қалды, онда ауылдық жерлердегі барлық жұмыспен қамтылған халықтың 27,5% - ы (немесе 986,4 мың адам) жұмыспен қамтылған. Алайда аграрлық сектордағы орташа айлық жалақы салыстырмалы түрде төмен болып табылады, бұл ауыл халқының табысына әсер етеді: 2021 жылғы ресми деректер бойынша ол 147,4 мың теңге болды.

Әрбір үшінші ауыл тұрғыны өз бетінше жұмыспен қамтылған. Бұл ресми жұмысқа орналасу мүмкіндігінің жоқтығын (жалдамалы жұмыспен қамту), демек, олардың әлеуметтік қорғалмағандығын және тиісті аударымдардың жоқтығын көрсетеді.

Мәдениет объектілерінің жетіспеушілігі, мәдениет объектілерінің ғимараттарын күрделі жөндеуге қажеттілік және материалдық-техникалық базаның жинақталмауы проблемалық мәселелер болып отыр.

Спорттың жай-күйі мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына тікелей байланысты. Спорттық ғимараттар санының өсуіне қарамастан, әсіресе ауылдық жерлерде жаңа нысандар салу қажеттігі туындап отыр.

Спорт ғимараттарының ең үлкен тапшылығы Түркістан, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Ауылдық елді мекендерді абаттандыру жөніндегі шараларды іске асыруға қарамастан, ауыз судың сапасы мен сумен жабдықтауға байланысты мәселелер әлі де өзекті болып отыр.

Бүгінгі таңда жергілікті жолдардың сапасыздығы ауылдық аумақтардың әлсіз байланысына алып келеді және олардың экономикалық дамуына кедергі келтіреді.

Әзірлеушілердің есептеуінше, Тұжырымдаманы іске асыру атқарушы билік деңгейлері арасында өкілеттіктерді тиімді бөлуді жүзеге асыруға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, бизнесті тартуға және азаматтық бастамаларды дамытуға ауылдық аумақтардың демографиялық, экономикалық және әлеуметтік әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, ауылдық аумақтар тұрғындарының өмір сүру сапасы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, оның ішінде орталықталған сапалы ауыз сумен, үздіксіз электрмен жабдықтаумен, ауылішілік жолдармен, білім беру және денсаулық сақтау қызметтерімен, қолжетімді жоғары жылдамдықты Интернетпен және тағы басқа мәселелері шешілетін болады.

"Ауыл шаруашылығының сапалы өсуі ауыл экономикасын дамытудың аумақтық-кластерлік тәсілі, негізінен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімін өткізуді қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану есебінен ауыл халқының табысын арттыруға және жұмыс орындарын құруға бағытталады," деп жазылған құжатта.

Ауылдық аумақтарды орнықты дамытудың негізі мынадай қағидаттарды іске асыру болып табылады:

  • адами орталық көзқарас;
  • игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу;
  • адал бәсекелестік, кәсіпкерлер үшін нарықтар ашу;
  • өнімділіктің өсуі, экономиканың күрделілігі мен технологиялылығының артуы;
  • адами капиталды, білім беруге инвестицияларды дамыту;

Тұжырымдама жобасы 8 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: