Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде ауылдық елдімекендердің потенциалын айқындаушы өлшемшарттар белгіленді

Ауылдық елдімекендер, потенциал, айқындаушы өлшемшарттар , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2024 17:27 Сурет: amanatpartiasy.kz
Ұлттық экономика министрлігі ауылдық елдімекендердің әлеуетін анықтауға арналған өлшемшарттарды әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл болашағының басты критерийлерінің бірі оның демографиялық жағдайы болып табылады: тұрғындар саны және жастардың үлесі (кемінде 30%).

Мәселен, халқы орташа қоныстанған ауылға орташа есеппен 2800 адамы (+-), ал халқы тығыз қоныстанған ауылға 7600 адамы ( + - ) бар елдімекен жатқызылды. Сондай-ақ, ауылдың келешегіне көші-қон процестері (көші-қон, халық ағыны) әсер етеді.

Бұдан бөлек, преспиктивасы бар елдімекендердің өлшемдеріне мыналар жатады:

  • Инфрақұрылымдық блок: орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі бар; жергілікті, облыстық және республикалық автожолдардың болуы; балабақшалар мен мектептер; медициналық мекемелер, интернет және мобильді байланыстың болуы.
  • Экономикалық блок: жұмыспен қамту деңгейі; жалпы қосылған құн.
  • Геокеңістіктік блок: туристік және экологиялық аймақтар; шекара маңындағы ауылдық елдімекендер.

ҰЭМ түсіндіріп өткендей, бұл құжат олардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін есептеуге жататын ауылдық елдімекендерді анықтау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру үшін негіз болады.

Бұйрықтың жобасы 23 шілдеге дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Бұған дейін Алматы облысы әкімдігі мен өңір мәслихатының "Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы" бірлескен шешімі әзір екендігі хабарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: