Ауылдық жерлерде хаттар орналастыру мен газет таратудың жаңа шекті бағалары белгіленді

Казпочта, почта, почтовая связь, почтовая сеть, почтовые отправления, письмо, письма, почтальон, почтальоны, почтовая служба, работники почты, сотрудники почты, почтовое отделение, доставка почты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 14:46 Фото: Zakon.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2025 жылғы 14 мамырдағы бұйрығымен ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын әмбебап байланыс қызметтеріне бағаның шекті деңгейіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап пошта секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын әмбебап байланыс қызметтеріне бағаның жаңа шекті деңгейі белгіленді.

Мерзімді басылымдарды жазылым бойынша (газеттер/журналдар) жерүсті көлігімен тарату қызметтері жеке және заңды тұлғаларға салмағының 30 граммы үшін 36 теңге (ҚҚС-сыз), одан кейінгі әрбір грамм үшін 0,2 теңгені қосады.

Тіркелмеген поштаны Қазақстан бойынша жіберу қызметтерінің құны:

  • жеке тұлғалар үшін – 20 грамм үшін 122 теңге;
  • заңды тұлғалар үшін – 20 грамм үшін 265 теңге.
  • әрбір келесі толық/толық емес 20 грамм салмақ үшін – тағы 20 теңге.

Бұйрық 2025 жылғы 3 маусымда күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: