Тоқаев жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелеріне қатысты ережені бекітті

Жарлық Сурет: pixabay
26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда сайтының хабарлауынша, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Конституциялық заңының 16-бабының 2-тармақшасына сәйкес мынаны Қаулы етті:

  • Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ереже;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

Сондай-ақ осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылуы бұйырылды.

Оған қоса, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдауы да міндеттелді.

Айта кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық аумақтарды дамытудың тұжырымдасын бекіту, елден заңсыз шығарылған активтерді кері қайтару туралы жарлықтарға қол қойды. Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының сайлауы 2023 жылы 14 қаңтарда өткізілетіні белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз