Жаңалықтар тізбегі
0

Криштиану Роналду бразилиялық клубқа ауысуы мүмкін

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2022 15:57 Сурет: Instagram/cristiano
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бразилиялық "Фламенго" футбол клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Veja  басылымына сілтеме жасай отырып, Prosports.kz хабарлайды.

"Фламенго" басшылығы Роналдуға келісімшарт ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр. Роналдумен келіссөз әлі басталған жоқ, бірақ клуб қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін Роналду британиялық журналист Пирс Морганға даулы сұқбат беріп, "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартын бұзғаны белгілі болды. 37 жастағы ойыншы осы маусымда 16 матчқа қатысып, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: