Екібастұз қаласының әкімі жылу желілеріндегі апатқа қатысты түсінік берді

Жылу орталығындағы ақау Сурет: Zakon.kz
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин коммуналдық апатты жоюға барлық  ресурстар жұмылдырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екібастұз жылу электр орталығында жылу желілеріндегі ақауға байланысты 1200 тоннаға дейін су  құйылуда. Қазіргі таңда үш энергетикалық, бір су жылыту қазандығы жұмыс істеуде.  Станцияда температура параметрі 51-46 градус деңгейінде, циркуляция қамтамасыз етілген. Сондай-ақ қаланың ірі кәсіпорындары  мен  коммуналдық қызмет жұмылдырылған. 15 шақты жөндеу бригадасы ақауды жоюмен, 4 бригада басқа ақауларды анықтаумен айналысуда, дейді қала әкімі Instagram арқылы берген есебінде.  

Айта кетсек, 27 қарашада Екібастұз қаласы жылусыз әрі ыстық сусыз қалғаны белгілі болды. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз тұрғындарын сабырға шақырып, өзінің оқиға орнында жүргенін жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз