Жаңалықтар тізбегі
0

Ардақ Қаңтарбаев Екібастұз қаласының әкімі қызметінен босатылды

Ардақ Қаңтарбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2022 18:53 Сурет: Instagram/ardak_kantarbaev
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов оның отставкасын қабылдап, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қала әкімі Ардақ Қаңтарбаев өзінің тікелей қарамағындағы, қала әкімінің экс-орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қызметінен кету туралы өтініш берген.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес Екібастұз қаласының әкімі қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметінен кетті. Осылайша 2022 жылдың 8 тамызында ол қызметінен босатылды.Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ардақ Қаңтарбаев 2020 жылдың қыркүйегінен бері Екібастұз қаласының әкімі қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: