29 қарашада Абай облысында оқушылар мен қолледждердің 1, 2-курс студенттері онлайн оқиды
"Абай облысында 29 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз күтіледі) І ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2-курс студенттері үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады, делінген облыстық әкімдік таратқан хабарламада.
Сондай-ақ Абай облысы әкімдігінде төтенше жағдайларға тез арада әрекет ету мәселесі бойынша отырыс өтіп, құзырлы мекемелерге бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда:
қалалар мен аудан әкімдеріне техниканы ғана емес, төтенше жағдай кезінде кезінде қажет болуы мүмкін үй-жайларды да дайындауды тапсырды.
облыстағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ филиалы, "Казахавтодор" ЖШС филиалы, "Семей жолдары" ЖШС Абай облысы полиция департаментімен бірлесіп ауа райының нашарлауы (температураның төмендеуі, көктайғақ, көрудің шектелуі) кезінде көліктердің қозғалысын шектеу немесе тыйым салуы керек екеніне баса назар аударылды
облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, "БЭСК" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ энергиямен жабдықтау объектілерінің тұрақты жұмысын және төтенше жағдайларды дер кезінде жоюды қамтамасыз етуі тиіс екендігі ескертілді.
Айта кетсек, 29 қарашада еліміздің шығыс, солтүстік өңірлерінде сынап бағаны 43 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болатыны болжанады.