Жаңалықтар тізбегі
0

Иманбек өзінің жетістігі туралы: "Жай ғана сәті түсті"

Иманбек, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 11:52 Сурет: Instagram/imanbekmusic
Танымал қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) Грэмми туралы, өзі бірге жұмыс істеген танымал артистер туралы, көлікке деген қызығушылығы, үйленгені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иманбек YouTube-тегі "Дымоход" каналының "Сколько стоит шмот?" шоуының қатысушысы болды. Бағдарламаның жүргізушісі - ресейлік блогер Макс Заводной.

Сұхбатта Иманбек өзінің Қазақстаннан – Павлодар облысының Ақсу қаласынан келгенін айтты. Жүргізуші 22 жастағы диджейдің Grammy, GQ, Billboard нәтижелеріне қалай жеткенін сұрағанда Иманбек күлімсіреп, "Жай ғана сәті түсті" деп жауап берді.

"Мен Грэмми сыйлығын қашықтан алдым. Мәскеуде, кеңседе отырдым. Біз видеобайланыс арқылы шықтық, өйткені ковид болды, Америкаға бару мүмкін болмады".Иманбек Зейкенов

Иманбектің айтуынша, осы уақытта ол Marshmello, Рита Ора, Дэвид Гетта, Tiesto, Афроджек, Шон Польмен кездесіп, жұмыс істеп үлгерген.

"Жоқ, әрине нөмір 1 емеспін. Ирина Кайратовна, Асха Принц, Хиро, Джа Халиб, Скриптонит деген топтар мен жігіттер бар. Барлығы мықты. Оларды бөліп, мынау мына орында дегім келмейді. Біз - қазақпыз, бәріміз ұқсаспыз. Стиліміз келеді", - деп жауап берді Иманбек "Сіз Қазақстанда №1 жұлдызсыз ба?" деген сұраққа.

Жүргізуші Иманбектен оның жүрегі бос-бос емес екенін сұрады. Иманбек жақында үйленгенін жасырмады.

"Мен екі апта бұрын үйлендім", - деп жауап берді қазақстандық.

Сонымен қатар Иманбек алғаш тапқан қомақты қаржысын екі көлік алуға жұмсағанын айтты.

"Қазір мен де музыка жазамын. Сонымен қатар Павлодарда көліктерге детейлинг жасаймын. Ол нәрсе бизнесмен болғаным үшін емес, көлікті жақсы көргенім үшін ашылды. Менде олардың бесеуі бар. Олар суперлюкс көліктер емес, маған ұнайтын көліктер: Lada Priora, Toyota Land Cruiser 200, Lincoln Navigator, Toyota Crown и Kia K5".Иманбек Зейкенов

Бұл ретте шоу жүргізушісі диджейден оның киген киімінің құны қанша екенін сұраған.

Қазақстандықтың айтуынша, ол кроссовканы Acne Studios-тан 40 мың рубльға шамасында (ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша 308 мың теңге) алған. Шалбар - 25 мың рубль (192,5 мың теңге). Vetements-тен - 71 мың рубльге кофта сатып алған (546,7 мың теңге), Emporio Armani компаниясының ветровкасы - 35 мың рубль тұрады (269,5 мың теңге).

Иманбек Қазақстаннан 1,2 миллион теңгеге Louis Vuitton сөмкесін, 1,5 миллион теңгеге сағат сатып алғанын да атап өтті.

28 қазан күні Қазнетте Иманбек Зейкеновтің үйлену тойынан фото мен видеолар тарады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: