Жаңалықтар тізбегі
0

ҚазҰУ ректоры ұлының өліміне қатысты іс бойынша кімнің ұсталғаны белгілі болды

Алматы, Қаңтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 12:51 Сурет: Zakon.kz
Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы - Елнарды өлтірді деген күдікті ұсталғаны хабарланған еді.

Істің мән-жайын анықтау үшін Zakon.kz редакциясы ҚР Бас әскери прокуратурасына ресми сауал жолдады.

"2022 жылдың 7 қаңтарында азамат К-ның адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша Бас әскери прокуратураның тергеу-жедел тобы тергеу әрекеттерін аяқтады. Жоғарыда аталған факті бойынша күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан өкілеттік шегінен шығу") "қамау" нысаны таңдалды", - делінген жауапта.

Ведомство "Қазір қылмыстық процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысу сатысында" деп атап өтті.

"Күдіктінің кінәсін сот анықтайды".ҚР Бас әскери прокуратурасы

Департаменттің мәліметінше, бұдан басқа ақпарат "тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды".

2022 жылдың 11 қаңтарында Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы - Елнар қаза болғаны белгілі болды. 6 қаңтар күні кешкі сағат 18:35 шамасында коменданттық сағатқа дейін ол үйіне көлігімен қайтып келе жатқан. Ол Назарбаев даңғылымен Сәтбаев көшесіне қарай көтеріліп, жол қиылысына тоқтаған. Сол кезде оның көлігіне белгісіз біреулер кенеттен оқ жаудырған. Алған жарақатынан Елнар сол жерде қаза тапты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: