Жаңалықтар тізбегі
0

Тараз маңындағы жарылыс: бір жылдан кейін әскери қызметкердің сүйегі табылды

Тараз, жарылыс, әскери қойма, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 09:45 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегінің қалдықтары табылып, анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларындағы өрт пен жарылыстардан кейін хабар-ошарсыз кеткен бөлім қызметкерін іздеу жұмысы 2021 жылғы 26 тамыздан бері жүргізіліп келді.

"Сүйек қалдықтарын бөлімнің әскери қызметшілері іздеу жұмыстары барысында тапты. Молекулярлық-генетикалық сараптама оның Бауыржан Дәуітбаевқа тиесілі екенін көрсетті. Жоғалған әскери қызметкердің сүйегінің қалдықтары мен қандас туыстарының ДНК талдаулары толығымен сәйкес келді".ҚР Қорғаныс министрлігі

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес марқұмның отбасына жерлеу шығындары, атқаратын лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай қаржы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

Сондай-ақ тұрғын үй сатып алу төлемі қарастырылған.

"Оның мөлшері әскери қызметші қызмет еткен аймаққа және отбасы мүшелерінің санына қарай белгіленеді. Сонымен қатар марқұмның балаларын оқытуға және жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге көмек көрсетіледі".ҚР Қорғаныс министрлігі

2021 жылғы 26 ​​тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кенен ауылының маңында орналасқан №28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасында өрт шығып, жарылыс болды, салдарынан 17 адам қаза тауып, 98-і жараланды, бөлімшенің бір сарбазы хабар-ошарсыз кетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: