Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда әскери қызметкер балабақшадағы өртті сөндірді

әскери, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2022 18:30 Сурет: ҚР Ұлттық гвардиядсы
Ақтауда «Батыс» Ұлттық ұланның әскери қызметшісі, кіші сержант Қуаныш Бекжігітов балабақшадағы өртті сөндіруге көмектесті. Бұл әрекеті туралы ол ешкімге айтпаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бөлімше командирі сақшының ержүрек әрекеті туралы «Айгөлек» балабақшасының басшылығы мен ата-анасының алғыс хатынан кездейсоқ біліпті. Мекеме директоры қиын жағдайда көрсеткен көмегі үшін әскери қызметкерге алғысын білдірді.

Оқиға өткен сәрсенбі, 16 ақпанда болған. Сол күні таңертең кіші сержант Қуаныш Бекжігітов баласымен ауруханаға бара жатып, «Айгөлек» балабақшасынан түтін шығып жатқанын байқаған. Сол кезде көмек сұрап алдынан балабақша тәрбиешісі жүгіріп шыққан. Әскери бірден көмекке жүгірген. Жақындай келе ол киім бөлмесі өртеніп жатқанын байқайды.

Қуаныш Бекжігітов өрт сөндірушілер келгенге дейін уақытты созбай, балабақша қызметкерлерімен және балалардың екі ата-анасымен бірлесіп өртті сөндіре берген. Содан кейін балаларды дереу қауіпсіз жерге көшірген.

Менің орнымда кім болса да, бәрібір осылай істер еді. Біз әскери адамбыз. Әскерилердің міндеті - бейбіт тұрғындарды қорғау. Баламен ауруханаға бара жатыр едім. Бізге бір мұғалім қобалжып, жүгіріп келді. Жағдайды естігенде ойланып тұрмай, өртті сөндіруге асықтым.Кіші сержант Қуаныш Бекжігітов

Айта кетейік, 16 ақпанда сағат 08:20 шамасында Ақтауда «Айгөлек» бақшасында өрт шыққан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: