Қазақстан ТМД елдері арасында бастапқы энергияны тұтыну бойынша 3-орында
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, ҚР-да бастапқы энергия тұтыну ТМД елдеріндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі: жан басына шаққанда 150,1 ГДж. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе және ЭЫДҰ-ға кірмейтін басқа елдердегі көрсеткіштен үш есе жоғары.
Еуропада бастапқы энергия тұтыну жан басына шаққанда 122 ГДж, Таяу Шығыс елдерінде — 143 ГДж, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерде — бар болғаны 63,6 ГДж, дүниежүзілік орташа көрсеткіш — жан басына шаққанда 75,6 ГДж. ТМД елдерінде Түрікменстан мен Ресейде ғана көрсеткіш Қазақстаннан жоғары.
Қазақстанда үй шаруашылықтарының 52,6%-ы орталықтандырылған жылыту жүйесін пайдаланады. Тағы 25,2%-ы автономды пешті газбен жылытса, 23,3%-ы қатты отын, 0,2%-ы сұйық отын, 0,2%-ы электр қуатын жылыту үшін пайдаланады.
Бастапқы энергия — жасанды түрлендіру процесіне ұшырайтын табиғаттағы энергия түрі. Басқаша айтқанда, бұл елдегі халықтың тұрмыстық қажеттіліктерін және экономиканың барлық саласының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін энергия мен отынның әртүрлі жиынтығы.