Жаңалықтар тізбегі
0

Әбілқайыр Сқақов Екібастұз қаласының тұрғындарынан кешірім сұрады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 19:20 Сурет: Instagram/skakov_abylkair
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Әбілқайыр Сқақов Instagram-дағы парақшасында Екібастұздағы соңғы төтенше жағдай үшін кешірім сұрап, жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құрметті жерлестер!⠀Мен үшін сіздерге қызмет ету аса зор құрмет болды. Мәселелерді шешуді басты басымдық ете отырып, мен әрқашан да барлығын шынайы және адал орындадым. Жылдар бойы жиналған мәселелердің біраз бөлігі шешілді, қалғандарын шешуге уақыт көбірек қажет болды. Екібастұздағы төтенше жағдай дәл сол – ұзақ уақыт бойы жиналып келген және тез шешілмейтін проблема. Дегенмен, қадірлі Екібастұз тұрғындары, мен қалыптасқан жағдай үшін өз жауапкершілігімнің де бар екенін білемін және сіздерден шын жүректен кешірім сұраймын! Осы күндері менің барлық ойларым мен уайымым сіздер туралы болды және солай болады. Сіздерге қайраттылық, ал мамандар мен әріптестеріме мәселенің жедел шешілуін тілеймін. Жерлестер, сіздерге жақынырақ таныса алған мүмкіндік үшін, конструктивті сындарыңыз үшін, ашық диалог пен 3 жылға жуық маған артқан сенім үшін шын жүректен алғыс айтамын".

2022 жылы 1 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды. Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқаратыны белгілі болды. Ол бұл тағайындауға дейін Әбілқайыр Сқақовтың бірінші орынбасары болған еді.

27 қарашаға қараған түні Екібастұз қаласы апатқа байланысты жылусыз әрі ыстық сусыз қалды.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.

30 қарашада Премьер-министр Екібастұзға жұмыс сапарымен келіп жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: