Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк FIFA коллекциялық монеталарын шығарды

Ұлттық Банк FIFA коллекциялық монеталарын шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 17:19 Сурет: Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
Қазақстан Ұлттық банкі 2 желтоқсанда "Спорт" монеталар сериясынан FIFA World Cup Qatar 2022 коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл монеталар ҚҰБ, Қазақстан монета сарайы мен MDM неміс нумизматикалық компаниясы арасындағы үшжақты келісім аясында шығарылады.

FIFA World Cup Qatar 2022 монеталарының дизайнын FIFA Халықаралық футбол федерациясы бекіткен. Катардағы футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ресми слоганы EXPECT AMAZING стадионның электрон таблосындағы жазу стилінде жасалған. Монетада рельефті орташа деңгейде алтын жалату бойынша жаңа технология қолданылып отыр. Ол монеталық өндірісте алғаш рет пайдаланылды және доптың көлемін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Оның алтын жалатылған бөліктері футбол қақпасының тор деңгейінен төмен орналасқан.Ұлттық банк

FIFA World Cup Qatar 2022 коллекциялық монеталары алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925/1000 сынамалы күмістен жасалған. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, номиналы 100 теңгелік, жалпы таралымы 4 000 (төрт мың) дана. Ішкі нарық үшін монеталардың таралымы 3 650 дана, сыртқы нарық үшін 350 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады, сонымен бірге Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынып, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: