Алматы қаласының әкімі лауазымына екі адамның кандидатурасы ұсынылған

Жұмыс сапары Сурет: Ақорда
2 желтоқсанда ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Алматы қаласына жұмыс сапарымен болып, қалалық мәслихаттың жиынына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Алматы қаласының әкімі лауазымына Ерболат Досаев пен Бекқали Торғаевтың кандидатураларын ұсыну жөніндегі Мемлекет басшысының хатын оқыды.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 30 депутат Ерболат Досаевқа, 8 депутат Бекқали Торғаевқа дауыс берді. Дауыс беру нәтижесі бойынша Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Мұрат Нұртілеу Ерболат Досаевты қала әкімі ретінде таныстырып, оның жауапты басқарушылық қызмет жолын атап өтті.

Алматыға жұмыс сапары

Сурет: Ақорда

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы әкімге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жұмыс сапары кезінде нақтылаған міндеттерін орындау өзекті екенін жеткізді. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібін, туризмді, IT секторы мен креативті индустрияны дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру қажет. Сонымен қатар Түргеннен Қаскелеңге дейінгі Алматы тау кластерін дамыту, автомобиль жолдарын жаңарту, жаңа жұмыс орындарын ашу – басты міндеттердің бірі.

Тағайындау

Сурет: Ақорда

Жиында Мұрат Нұртілеу биылғы маңызды саяси оң өзгерістерге атсалысқан, қолдау көрсеткен қала тұрғындарына Мемлекет басшысының алғысын жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз