Сапар Сатаев Балқаш қаласының әкімі болды

Балқаш қаласының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 17:16 Сурет: Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Президенті әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Сапар Сатаев Балқаш қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Қала әкімдігінің мәліметінше, Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы бастаған.

"Қазақавтожол" РМК-да жұмыс істеді, "Ботақара су қожалығы" КМҚК директорының орынбасары, директордың м. а. болды.

  • 2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әкім ретінде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылын басқарды.
  • 2013 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының әкімі болды. Содан кейін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
  • 2021 жылғы мамырдан бастап осы тағайындауға дейін Приозерск қаласының әкімі болды.

"Бұған дейін Балқашты басқарған Қайрат Қамзин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды", – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: