Футболдан ӘЧ-2022: Оңтүстік Корея Португалияны ұтып кетті

Футболдан ӘЧ-2022 Сурет: видеодан алынды
2022 жылы футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 3-турында Оңтүстік Корея мен Португалия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч 44 667 адамға арналған Эр-Раяндағы "Эдьюкейшн Сити" стадионында өтті. Азиялық команда Португалияны 2:1 есебімен ұтып кетті.

Ойын бастала салысымен 5-ші минутта Рикарду Орта есеп ашты. Пепенің алаңның ортаң белінен тепкен добын Диогу Дало қағып алып, қақпашымен бетпе-бет келді, дәл осы кезде пас алған Орта допты қақпаға дөп тоғытты.

Ким Ен Гвон бірінші таймның ортасында есепті теңестірді. Азия құрамасы доп соқты, рикошеттен кейін доп қақпа алдына домалап барды, ол арада оны Ен Гвон күтіп алып, допты қақпаның төменгі бұрышына қарай дәл сүңгітті.

Оңтүстік Корея-Португалия матчы 2-1 есебімен аяқталды:

5 Рикарду Орта (0:1);

27 Ен Гвон Ким (1:1);

90+1 Хван Чи Чан (2:1).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз