Қытайдағы жағдай. Денсаулық министрі елімізде локдаун енгізілмейді деп сендіреді

Локдаун Сурет: pixabay
Көрші Қытайдағы қабылданған қатаң шараларға қарамастан Қазақстанда коронавирустың таралуына қатысты шектеу енгізу жоспарланбаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бүгіндері Қытай мен Қазақстандағы коронавирус инфекциясына қатысты жағдайдың айырмасы жер мен көктей.

Министр пандемия басталғаннан бері Қытай өте қатаң шектеу шараларын қабылдап, инфекцияны оқшаулауға қатысты шектеу іс-шараларына ерекше мән берді.

"Қазір Қытайдағы ұжымдық иммунитет қандай деңгейде екенін айта алмаймын. Оларда ауру шыққан жерлерде шектеу іс-шаралары қабылданады. Бұған халық өз наразылығын білдіріп жатқан болар", - деп Ажар Ғиният Қазақпарат тілшісі қойған сұраққа жауап берді.

Министрің айтуынша, бүгіндері елімізде 10 миллионнан астам адам вакцина салдырған, бес миллионнан астам адамға қайта вакцинациялау жүргізілген.

"Бізде ұжымдық иммунитет қалыптасқан, сондай-ақ омикронды адамдар жеңіл еңсеріп жатқанын ескере отырып, ел аумағында шектеу іс-шараларын енгізу жоспарланбаған".ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Айта кетсек, алдында Қазақстанда коронавирустың "Омикрон BQ.1.1" штамының нұсқасы - "Цербер" штамы айналымда жүргені анықталғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз