Жаңалықтар тізбегі
0

Роман Скляр төтенше жағдай зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады

Екібастұздағы төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 15:07 Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұмыс сапарымен Екібастұзда жүрген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді.

Жылу желілеріндегі апатты жою жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 15:07

Сурет: primeminister.kz

Атап айтқанда, қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника тартылды. 36 бригада (261 адам) жұмыс істеп жатыр.

3 желтоқсандағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 76 үйдің 48-де жұмыс аяқталды, тағы 28 үй бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 15:07

Сурет: primeminister.kz

Қалпына келтіру жұмыстарының барысы – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Роман Скляр төтенше жағдай зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: