Жарақат алып, ойындардан уақытша шеттеп қалған Неймар алаңға қайта оралуы мүмкін

Оңтүстік Корея-Бразилия Сурет: Instagram/neymarjr
Бразилия ұлттық құрамасының көшбасшысы Неймар 2022 жылғы футболдан ӘЧ-ның 1/8 финалына қатысып, Оңтүстік Кореямен болатын ойында өнер көрсетеді. Алдында "ПСЖ" шабуылшысы топтық кезеңде сербтермен болған кездесуде жарақат алып, ойындардан уақытша шеттеген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Неймар алаңға оралып, Бразилия құрамасының жабық жаттығуларына қатысты. Сонымен қатар, жаттығу барысында бразилиялық гол соғып үлгерді. L ' Equipe мәліметтері бойынша, футболшы қалпына келуі үшін өзінің сүйікті жаттығуларын жасаған, бірақ ауыртып алған аяғына қатты салмақ түсірмеуге тырысқан.

Дереккөздің хабарлауынша, Неймар 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Оңтүстік Кореямен болатын матч кезінде Бразилия командасының сапында болады. Бірақ Бразилия құрамасының бас жаттықтырушысы Тите өзінің қымбат ойыншысын алаңға шығаратын-шығармайтындығын ешкім дөп басып айта алмайды.

Бразилия-Оңтүстік Корея матчы 5 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де басталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз