Синоптиктер 6 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

Ауа райы болжамы Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалынан республиканың басым бөлігінде қар жауады. Тек шығыста, республика орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болжанды. Облыстың солтүстік-батысында және оңтүстігінде тұман, оңтүстікте көктайғақ болады.

Астанада жауын-шашынсыз көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-шығыстан екпіні 0-5 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -29-31°C, күндіз -20-22°C.

Алматыда ауа райы ала бұлтты, түнде қар жауады. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -3-5°С.

Шымкентте жауын-шашынсыз көшпелі бұлт шығады. Солтүстік-батыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -12-14°С, күндіз -2-4°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз