Синоптиктер 21 желтоқсанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Жерорта теңізі циклонының терең депрессиясымен және атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, негізінен қар, көктайғақ, қарлы боран түрінде.
Сондай-ақ жел мен тұман күтіледі.
Астанада - көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°С, күндіз -7...-9°С.
Алматыда – көшпелі бұлтты, күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4...-6°С, күндіз +2...+4°С.
Шымкентте – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1...+1°С.