СҚО-да мұз жарылып, суға батқан 50 жылқы арам қатты

Оқыс оқиға Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Жылқылар СҚО, Айыртау ауданы, Әлжан ауылының тұрғындарына тиесілі екені анықталды. Жануарлар 27 қарашада далада жайылып жүрген жерінен жоғалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 желтоқсанда СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне Әлжан ауылындағы табын жылқы арасында 50 бас жоқ екені анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Іздеу шаралары барысында жоғалған жылқылар қатқан күйінде Барчи көлінен табылды. Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Кейін мұз жарылып, жануарлар суға батып кеткен. СҚО ПД баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша Айыртау ауданының полиция бөліміне арыздар келіп түспеді.

Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр, өлген жануарлардың нақты саны анықталу үстінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз