Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров су құбырының жөндеу жұмыстарын өзі қадағалады

Солтүстік Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі, су құбыры, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 14:26 Сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров үшін бірінші жұмыс күні Петропавлдағы су құбыры жарылған жерге барып, жөндеу жұмыстарымен танысудан басталды. Облыс әкімі апат салдарын жедел жою үшін жауапты адамдарға барлық техника мен бригадаларды барынша жұмылдыруды тапсырды.

Мамандар су құбырын жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде бітіріп, жақын маңдағы 9 үйдің тұрғындарына су беру қайта қалпына келтірілді.

Солтүстік Қазақстан облысы, су құбыры, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 14:26

Сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

Петропавлдағы су құбыры жарылған учаскеде үш бригада жұмыс істеді, бұл іске жалпы алғанда шамамен 20 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар жөндеу жұмысына 4 апаттық техника, 2 кәріздік көлік, экскаватор және трал тартылды.

Сондай-ақ көпқабатты үйлердің тұрғындарына ауыз су жеткізу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар қала көшелеріндегі апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізілді. Көшелер мұздан тазартылған соң құм-тұз қоспасы төселді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: