Жаңалықтар тізбегі
0

Жасыл энергетиканың көкжиектері

Қызылорда облысы, "жасыл" экономика, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 14:55 Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Соңғы жылдары негізінен климат өзгеруінің салдарынан әлемдік экономикада "жасыл" энергетикаға ауқымды көшу беталысы байқалуда.

Самарқанд қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "жасыл экономиканы" дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Оның мәліметінше, әлем елдері соңғы 7 жылда "жасыл" облигацияларға 2,5 триллион доллардан астам қаржы бөлген. Президент бұл саладағы капитал нарығын дамыту үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы негізінде "Түркі жасыл қаржы кеңесін" құруды ұсынды.

Қазақстан бұл бағытта жоспарлы шаралар жүргізуде. "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі тұжырымдама қабылданып, іске асырылуда, тиімді заңнамалық база құрылды, озық халықаралық тәжірибені ескере отырып жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) ең тиімді жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық тетігі енгізілді.

Қызылорда облысы, , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 14:55

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еліміз өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемінде ЖЭК-тің үлесін 2030 жылы 10%-ға дейін, ал 2050 жылға қарай баламалы электр энергиясымен 50%-ға дейін жеткізу туралы өршіл міндет қойды.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде бүгінгі күнге жиынтық қуаты 2388 МВт болатын ЖЭК-тің 130 нысаны жұмыс істеп тұр. Орнатылған қуаттың көп бөлігі – 48,2%-ы немесе 1150 МВт күн электр станцияларына, 40,0%-ы немесе 1150 МВт жел электр станцияларына, 11,7%-ы немесе 280 МВт гидроэлектр станцияларына, аз мөлшері 1,82 МВт биогазэлектр станцияларына тиесілі.

Биылғы жылдың 9 айында ЖЭК объектілерімен өндірілген электр энергиясының көлемі 3,9 млрд кВт-сағатты құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артқан. Сонымен ЖЭК-тің үлесіне елімізде өндірілген барлық электр энергияның 4,6% келіп тұр.

Байқап отырғанымыздай, соңғы 5 жылда ЖЭК объектілерінің орнатылған қуаты 7 есе (2017 жылы 341 Мвт), ал ЖЭК-тің үлесі 4 есе (2017 жылы 1,1%) өскен. Бұл – "жасыл" энергетика саласындағы серпілістің айқын көрінісі.

Қызылорда облысы, , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 14:55

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталған жетістіктерде Қызылорда облысының да үлесі бар. Географиялық орналасуы мен климаттық жағдайы арқасында өңірдің күн энергиясын өндіруде әлеуеті жоғары. Күн сәулесінің ұзақтығы жылына 2000-3000 сағатты құрайды.

Бұл артықшылықты ескере отырып, өңірде аталған энергия көзін пайдалануға айрықша көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні Қызылорда облысында жиынтық қуаты 89 Мвт-ты құрайтын 9 күн электр станциясы жұмыс жасауда. Оның үшеуі салыстырмалы түрде ірі және шетелдік инвесторлардың қатысуымен салынған.

Ең ірісі – Baikonyr solar»қазақ-британиялық компанияға тиесілі қуаттылығы 50 Мвт күн электр станциясы Шиелі ауданында, Total Eren франциялық компанияға тиесілі қуаттылығы 28 Мвт күн электр станциясы Жалағаш ауданында, Hevel ресейлік компанияға тиесілі қуаттылығы 10 Мвт күн электр станциясы Жалағаш ауданында орналасқан.

"Бұл үш күн электр станциясының құрылысы өңірге $108 млн. инвестиция тартуға, 60 жұмыс орнын ашуға, электр энергиясы тапшылығының бір бөлігін жабуға, сондай-ақ атмосфераға шығарылатын CO2 шығарындыларын жылына 122 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік берді" - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның өңірлік директоры Мұрат Балабаев.

Тағы да бірқатар күн электр станцияларының құрылысы жоспарлануда. Жуырда, 2022 жылдың 10 қарашасында қуаттылығы 20 Мвт күн электр станциясы жобасын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті. Аукцион қорытындысымен "Тесис" ЖШС қазақстандық компаниясы жеңімпаз болып анықталды. Жобаны Арал ауданында 50 га аумақта орналастыру жоспарлануда. Келісімшарт бойынша жобаны іске қосу мерзімі – 2024 жыл.

Бұған қоса, Шиелі ауданында тағы бір күн электр станциясының құрылысы күтілуде. Сонымен қатар, жел энергиясын және "жасыл" сутегін өндіру бойынша жобаларды өңірде іске асыру мәселелері пысықталуда.

Аймақта дәстүрлі энергия көздерін де дамыту жалғасуда. Aksa energy түрік компаниясы Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 МВт қазіргі заманғы жылу беру электр станциясын салу жұмыстарын жүргізуде. Электр станциясының қуаты өңірдің сұранысын толықтай қанағаттандыруға жетеді. Осының арқасында Қызылорда облысы электр энергиясын импорттаушы аймақтан экспорттаушыға айналады.

ЖЭК жобалары инвестициялық преференциялар беру қаралған қызметтің басым түрлерінің тізбесі кіреді. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы "жасыл" энергетика бойынша жобаларды іске асырушы инвесторларға оқыту вебинарларын ұйымдастыру арқылы аукциондық сауда-саттыққа қатысуға, инвестициялық келісімшарт жасасуға және жобаларды сүйемелдеуге қолдау көрсетуде.

Тұтынушыларды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету өңірлердің экономикалық өрлеуінің кепілі болып табылады.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қызылорда облысы бойынша өңірлік директоры Мұрат Балабаев

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: