Атырау облысында 722 жұп ЭКО кезегінде тұр
liter.kz
Кезекте тұрған әйелдердің жас ерекшелігі негізінен 24-42 жас аралығын құрап отыр.
Биыл Атырау облысында 37 жұпқа экстракорпоральды ұрықтандыруға квота берілді. Өткен жылы осындай квота 30 жұпқа берілген, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта жасанды ұрықтандыру жолымен сәбилі болу үшін кезекте тұрған әйелдердің жас ерекшелігі негізінен 24-42 жас аралығын құрап отыр.
Еске сала кетелік, бүгінгі таңда ел бойынша 14 мекеме жасанды жолмен ұрықтандырумен айналысады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының қатарында Атырау қаласы да бар.
ЭКО жасатушыларға қаражат Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленіп отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript