Өлі күйінде табылған Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы апат болған күні демалыста болған

"Орталық Азия электроэнергетикалық корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Орал брифингте Екібастұз ЖЭО учаскесінің қаза тапқан бастығы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстандағы әлеуметтік желілерде Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы Сергей Видлогтың қазасы туралы ақпарат тарады. Бұл кісі жұмыс орнында болмаған, ол күні демалған". Бағдат Орал
6 қарашада Павлодар облысының полиция департаменті осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Өлімнің алдын ала себебі "тұншықтырғыш газдан улану" деп айтылды.
28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.
Бөлісу
0
Толық оқу