Екібастұз әкімі ЖЭО-дағы апат туралы: Отбасым ешқайда кеткен жоқ, өз үйімде де жылу болмады

Аян Бейсекин, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 21:49 Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Екібастұз әкімі Аян Бейсекин брифингте "ЖЭО-дағы апат кезінде және одан кейін жылу өшкенде өзі және отбасы қайда болды?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер жылудың өшкені қала әкімі мен оның отбасына қалай әсер еткенін сұрады.

"Менің отбасым 24 сағат бойы Екібастұзда. Біз мұнда көшкен сәттен бастап үш ай бойы ешқайда шықпадық", - деді Екібастұз әкімі Аян Бейсекин. 

Оның сөзінше, өз үйінде де жылу болмаған.

27 қараша күні түнде Екібастұздағы апатқа байланысты жылу мен ыстық су өшті. Энергетика министрлігі жылу құбырларының 70%-дан астамы әбден тозғаны туралы хабарлады.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: