Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұздағы төтенше жағдай: әлі де 29 жеке үй жылусыз қалып отыр

Әкімдік мәлімдемесі Сурет: primeminister.kz
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин арнайы брифингі кезінде 29 жеке үй әлі де жылусыз қалып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 желтоқсандағы жағдай бойынша Екібастұзда 29 жеке үй әлі де жылусыз қалып отыр, деп мәлімдеді бүгін таңертең қала әкімі Аян Бейсекин арнайы брифингі кезінде.

"Жеке сектор бойынша сандар үнемі өзгеріп отырады. Кеше түндегі санақ бойынша, бізде жылусыз отырған 38-ге жуық жеке үй бар болатын, қазір одан 29-ы қалды. Таңертеңнен кешке дейін жұмыстар үздіксіз атқарылады. Бұл бағытта 400-ге жуық адам жұмылдырылған. Тұрғындардан батареяның салқындығына байланысты көптеген сұрақтар келіп түсіп жатыр. Ондай мәселе соңғы учаскелерде бар. Қазір жылумен жабдықтау жүйесіндегі қысымды теңестіру бойынша бес топ жұмыс істеп жатыр". Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин

Қала әкімінің айтуынша, жергілікті жылу желісімен жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге көмекке Павлодардан мамандар келіп қосылды.

"Олар алдағы бірнеше күнде, мүмкін бір апта бойына жылу желісі бойындағы қысымды теңестіру жұмыстарымен айналысады. Магистральдық желілердегі көрсеткіштер дұрыс, бірақ кварталішілік және үйішілік желілерде қысымға қатысты мәселе бар", - деді Бейсекин.


Айта кетсек, 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды. Сол кездегі қала билігінің мәліметінше, 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды тұлға нысандары сағат 01:30-дағы жағдай бойынша жылусыз қалды.

8 желтоқсанда Екібастұзда ТЖ режимі күшін жойды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: