Жаңалықтар тізбегі
0

Қошанов Бородавкиннің мәлімдемесіне жауап берді

Алексей Бородавкин, русофобия, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2022 14:36 Сурет: parlam.kz
Мәжіліс кулуарында палата спикері Ерлан Қошанов Atameken Business телеарнасының журналисіне Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің мәлімдемесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қошанов Бородавкиннің сұхбатын мұқият оқып шыққанын айтты.

"Оның сұхбатының кейбір сәттері шынымен де оның мәртебесіне сәйкес келмейді. Дегенмен Бородавкин мырза  өте тәжірибелі дипломат, біз оны бұрыннан білеміз. Және ол үгіт-насихатшылар мен саясаткерлер сияқты болмауы керек"– деді Ерлан Қошанов.

Бұл ретте Мәжіліс спикері екіжақты қарым-қатынастың игілігі үшін жұмыс істеу міндеті жүктелген дипломаттар үшін мұндай мәлімдемелерге жол берілмейтінін атап өтті.

"Ресейде де, басқа елдерде де ксенофобия бар, сондықтан бірінші кезекте саясаткерлердің мәлімдемесі екіжақты қарым-қатынасымызға зиян келтірмеуі үшін екі елдің, мемлекеттердің игілігі үшін бірге жұмыс істеуіміз керек". Ерлан Қошанов

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазақстандағы "радикал ұлтшылдар" мен "русофобия" туралы сөз қозғаған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: