Жаңалықтар тізбегі
0

Қошанов "домбыра – харам" деген түсінікке пікір білдірді

Домбыра, ҚР Мәжіліс депутаты, ислам діні, ұлттық музыкалық аспап, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 13:57 Сурет: akorda.kz
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов 13 қыркүйек күні палата кулуарында "домбыра – харам" деп жүргендерге пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Жақында әлеуметтік желіде оранған қыздың кез келген музыкалық аспап сияқты домбыра тарту да ислам діні бойынша харам екенін айтқан видеосы тарады.

Журналистер бай музыкалық тарихы бар зайырлы ел екенімізді ескере отырып, Қазақстанда мұндай тұжырым айту қаншалықты орынды екенін сұрады.

"Депутат Аманжол Алтай депутаттық сауалда бұл тақырыпты көтерді. Сіздің ойыңызша, бұл дұрыс па, жоқ па. Осындай тақырыпты көтеріп жүргендерге айтарым: "Сіздің ойыңызша, домбыра тартқан ата-бабамыз күнәҺарлар ма?",  – деді Парламент Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов.

Айта кетерлігі, депутат Аманжол Әлтай домбыраны өскелең ұрпақ арасында жан-жақты насихаттап, оның маңызын, санаға сіңіру керек екенін атап өткен еді.

"Өкінішке қарай, бүгінгі қоғам арасында, әлеуметтік желілерде осы халқымыздың арда болмысын ардақтайтын домбыра аспабына деген шабуылдар, жас ұрпақтың санасын теріс ұғымдарға итермелейтін қауіпті де ұлттық дүниетанымымызға жат пікірлер көбейіп барады. Әсіресе, діни жат ағымдардың жетегінде кеткен кейбір Қазақстан азаматтары жұртты адастыратын теріс пікірлер таратуда. Бұған әлеуметтік желіде желдей есіп жүрген "Домбыра – харам" деген секілді адам шошытар алып қашпа сөздер дәлел. Домбыра – тарихи санамызды жаңғыртуға жол ашатын, ата тарихымызды, халқымыздың ғасырлар безбеніндегі сан қырлы тағдырын баяндайтын, өткені мен бүгінін үндестіретін қайталанбас ұлы құндылығы. Домбыра – бүгінгі жас ұрпақты мейірімділік пен парасаттылыққа, адалдық пен Отансүйгіштікке, қайсар намыс пен қайырымдылыққа баулитын адам жанының бағбаны", – деді депутат Аманжол Әлтай.

Депутат "домбыраға тиісу – ұлтқа тіл тигізу, төлтума мәдениетімізді қорлау, өткен тарихымыз бен бүгінімізге көлеңке түсіру" деп қабылданатынын айтты.

"Аспанда да, жерде де қазақ жүрген жерде домбыра бірге жүреді. Азаттығымның, қазақтығымның бойтұмарындай қасиетті домбыраға тіл тигізуге, қорлауға жол бермейік, армен де, заңмен де қорғай білейік, тыйым салайық".Аманжол Әлтай

Оның пікірінше, Оқу-ағарту министрлігі білім беретін орта мектептерде ән-күй сабағында домбыра аспабын үйретуді оқу бағдарламасына енгізіліп, оқыту процесіне музыкалық жоғарғы және арнаулы білімі бар білікті мамандар тартылуы керек.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: