Жаңалықтар тізбегі
0

Домбыра тарту харам ба – бас мүфти жауап берді

Домбыра, харам, ҚМДБ, бас мүфти, шариғат, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 14:52 Сурет: akorda.kz
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бейбітшілік және келісім сарайы кулуарында "Домбыра тарту харам ба?" деген сұрақ төңірегінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер ҚМДБ басшысынан "Домбыра немес жалпы музыка исламда харам санала ма?" деп сұрады.

"ҚМДБ бұған дейін бірнеше рет осы мәселе бойынша түсіндірме берген, ал бұған дейін осында, Бейбітшілік және келісім сарайында пайғамбарымыздың құрметіне бірнеше іс-шара өткізіліп, онда домбыра және басқа ұлттық музыкалық аспаптар тартылды", – деді ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Журналистердің "Сонда домбыра тарту харам болмағаны ғой?" деген нақтылау сауалына ол: "Әрине, жоқ" деп қысқа қайырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: